ҮЙІНІҢ АУЛАСЫНА ЕСІРТКІ ЕККЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

ҮЙІНІҢ АУЛАСЫНА ЕСІРТКІ ЕККЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

10 просмотров

ҮЙІНІҢ АУЛАСЫНА ЕСІРТКІ ЕККЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егіп, өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Хабар алысымен төлебилік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, оның тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ер адамның ауласынан 5 литрлік баклашка ыдысына өсірілген  3 дана есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған өсімдік «сора» болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.