ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

19 просмотров

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Елімізде шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленген. Баршаңызды Ұлы мұрамызды ұлықтайтын домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлттық аспабымыздың бүгінде заманауи музыка өнеріне бейімделіп, дүние жүзінің сахнасында қазақ өнерін танытуға үлкен үлесі бар, домбы¬раның қасиеті қазақ өмірінде алатын орны ерекше. Добыра үні тыңдаушысын жігерлендіретін төкпе күйлер мен сыршыл шертпе күйлер қазақтың табиғатын танытады. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтап, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты мерекеміз екені сөзсіз. Домбыра қазақтың музыкалық мәдениетіндегі шоқтығы биік аспап. Себебі ол ықылым замандардан осы күнге дейін жалғасып келе жатқан дәстүрлі репертуары ең бай аспап болып саналады. Домбыра күйлеріндей алуан түрлі сипаттағы аспаптық жанрды әлем халықтарының фольклорынан кездестіру өте қиын.
Осы орайда, ұлттық құндылықтарымыздың ұлық нышаны — Домбыраның дүбірі әрқашан рухымызды көтеріп, елдігімізді еңселі ете берсін!

Б.Букебаев, Түркістан қаласы әкімдігі,
«Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *