Ұстаз қауымына серпіліс әкелді

Ұстаз қауымына серпіліс әкелді

2 просмотров

Ұстаз қауымына серпіліс әкелді

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа оқу жылының алғашқы күнінде халыққа жол тартқан Жолдауын ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабыл алғанына сенімдімін.

Биылғы жаңа оқу жылы еліміздің барлық мектептері үшін ерекше жағдайда басталып отырғаны белгілі. Пандемия жағдайында сапалы білім беру ұстаздардан зор жауапкершілік пен шыдамдылықты талап ететінін маңызды құжатта Мемлекет басшысы да атап өтті. Бұл жолғы Жолдауда да біз, ұстаздар қауымы мемлекеттің нақты көмегін сезініп отырмыз. Біздің еш алаңсыз жұмыс істеуімізге қажетті жағдайлар жасалуда. Енді міне, Президентіміз 2021 жылдан педагогтардың еңбекақысы 25 пайызға өсетінін айтты.

Балалардың сапалы білім алуымен қатар, дендерінің сау болуы үшін алдымызға қойылып отырған міндеттерді жауапкершілікпен атқаруға дайынбыз.

Лаззат Асанова,

Абай Атындағы №31 жалпы орта мектептің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *