ҰСТАЗДАР ЖАҢА ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ҰСТАЗДАР ЖАҢА ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

5 просмотров

ҰСТАЗДАР ЖАҢА ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ


Бүгін қалалық адами капиталды дамыту бөлімі және №23 ІТ мектеп-лицейі ұжымының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1-қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын онлайн тәртібінде насихаттау және түсіндіру мақсатында құрылған Түркістан қалалық ақпараттық-насихаттық топтың онлайн басқосуы өтті. Басқосуда қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, Ақмарал Үсенқызы биылғы Жолдау туралы қысқаша баяндама жасап, мемлекет басшысының халыққа жолдаған Жолдауының басым бағыттарын, оның ішінде білім саласы бойынша атқарылатын жұмыстарды таныстырып өтті. Сонымен қатар, онлайн басқосуға қатысқан қалалық мәслихаттың депутаты Сүлеймен Арыстанов алдымен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Жолдауының ерекшеліктерін атап, оны жүзеге асыру бағытында әрбір қазақстандық жұмыс жасауы қажет екендігін түсіндірді. Ал, №23 ІТ мектеп-лицейінің мұғалімі Элмира Иманбекова өз ойын жеткізумен қатар барлық әріптестері Жолдауды жылы қабылдағанын, тек ұстаздар қауымының ғана емес, жалпы Қазақстан азаматтарының мүдделеріне сай келетін басымдықтардан құралғандығын сөз етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *