ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА

116 просмотров

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА

Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланды. Бұл Президенттің бес әлеуметтік бастамасы халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуды, оның ішінде бірінші кезекте әрбір отбасының баспаналы болуына жаңа мүмкіндіктер беру, көнкөрісі төмен, жалақысы мардымсыз жұмысшылардың еңбекақысын салық мөлшерін төмендету арқылы көбейту, жастардың оның ішінде орта мектепті бітіруші түлектерді жоғары біліммен барынша қамту, ол үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері үшін жатақханалар салу, жұмыссыз және өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың жаппай кәсіпкерлікпен айналысуы үшін шағын несие беруді жандандыру, орталық және солтүстік өңірлердегі елді-мекендерді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру сияқты әлеуметтік маңызы бар ең өзекті мәселелерді қамтып отыр.Ол үшін Үкімет пен Ұлттық Банкке әлеуметтік бастамаларды іске асырудың егжей-тегжейлі тетіктерін қарастыру тапсырылды. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуды мақсат еткен үшінші бастама білім саласы үшін аса маңызды болып отыр. Алдағы 2018-2019 оқу жылынан бастап мектеп бітіруші түлектердің жоғары білім алуына мүмкіндік беретін қосымша 20 мың грант бөлінетін болды. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге бағытталып отыр. Сонымен бірге, жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алып жатқан студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді мемлекеттік жекеменшік серіктестік арқылы шешуді, 2022 жыл соңына дейін 75 мың орынды жаңа жатақхана салуды, соның негізінде жастардың жатақханаға деген тапшылығын біржола шешуді Елбасы Н.Назарбаев нақты тапсырды. Президенттің бес бастамасын жүзеге асыру үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, маңызы бар шаралардың тиянақты орындалуын бақылау «Нұр Отан» партиясына тапсырылды. Бұл ретте, аймағымыздағы білім саласының қызметкерлері мен үстіміздегі жылы мектеп бітіруші түлектер және жастар үшін маңызды бастама, әлеуметтік қолдау болған Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа үндеуі қызу талқыланып, үлкен қолдауға ие болып жатыр. Жалпы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған бес бастаманы «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халқымыздың қанатты сөзін негізге ала отырып елдің бірлігі мен ынтымағының арқасында жүзеге асырып, биік белестерді бағындырып, табыстарға қол жеткізетінімізге сенімім мол. Бақытжан БУКЕБАЕВ, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *