Әуеге жол ашылар күн алыс емес

Әуеге жол ашылар күн алыс емес

50 просмотров

Әуеге жол ашылар күн алыс емес

Облыс орталығы Түркістан қаласында салынып жатқан халықаралық әуежайдың құрылысы қарқынды. Қаланың халықаралық туризміне едеулі үлес қосар аталмыш нысанның 75% құрылыс жұмыстары тәмәмдалған.

Жаңарған, жаңғырған көне түркінің астанасы әлем назарында екені анық. Сондықтан да, облыс басшысы әуежай құрылысына үлкен ыждаһаттылықпен қарауды және белгіленген уақытта аяқтап, елдің пайдалануына ұсынуды тапсырды. Нысан құрылысын Түркиялық мердігер компания «YDA Group» мойнына алған. Өзінің сапалы құрылыстарымен танылған бұл компания қаланың басты құндылығына айналар жаңа әуежайды жыл соңында табыстауды жоспарлап отыр.

Құрылыс алаңында 147 техника үздіксіз жұмыс жасап, 673 адам қызметпен қамтылған. Әуежайдан ұшырылатын ұшақтардың алғашқы легі Ыстамбұл, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшса, алдағы уақытта киелі Меккеге де тікелей ұшақ қатынасын жүргізу ойда бар. Бұл хабар киелі өңір тұрғындарына зор қуаныш сыйлап, әуежайдың ашылар күнін асыға күтулеріне себеп болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *