ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДАҒЫ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ӨЗБЕКСТАНҒА АТТАНДЫ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДАҒЫ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ӨЗБЕКСТАНҒА АТТАНДЫ

79 просмотров

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДАҒЫ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ӨЗБЕКСТАНҒА АТТАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен «Қазсушар» мекемесінің жауапты мамандары Мақтаарал ауданындағы су тасқыны мәселесін реттеу бойынша Өзбекстан Республикасының Сырдария облысына аттанды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кезекті брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, тасқын суды тоқтату бойынша Қазақстаннан барған топ тиісті министрлік өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Суды жіберу жұмыстарын бір жүйеге келтірмек.
«Арнайы топ Өзбекстанның су министрі Хамраевпен және Сырдария облысының басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Жалпы бұл жағдай екі елдің үкіметі тарапынан талқыланып, шешілмек. Соңғы мәлімет бойынша бүгінгі күнге дейін ауданға 300 млн текше метрге жуық су келген. Мұндай көлемдегі су бұрын болмаған. Аудандағы қауіп әлі сейілген жоқ. Өйткені Өзбекстан тарапынан әлі қанша су келетіні белгісіз. Себебі Өзбекстанмен су туралы мәлімет алмасу бір жүйеге келтірілмеген. Кездесу нәтижесін алдағы уақытта хабарлайтын боламыз», — деді Сәкен Қалқаманов.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда аудандағы Фердоуси ауылын толықтай су басқан. Мырзакент ауылын да толықтай су басып қалмас үшін бөгет салынуда. Мақтаарал ауданында тағы су тасқыны болуы мүмкін деген жеті елдімекен анықталып, ондағы мал басы басқа жаққа айдалып жатыр. Ал су басқан ауылдардан 3 115 сиыр, 1 101 жылқы, 585 қой, 34 түйе көшірілген. Суға кеткен малдың саны әзірге белгісіз. Бұл жұмыстарға тасқын судың әлі де тоқтамай тұрғаны қолбайлау болуда. Өлген мал басын санау алдағы уақытта жүргізілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *