ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА АТСАЛЫСУ - КӨШБАСШЫ ПАРТИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА АТСАЛЫСУ — КӨШБАСШЫ ПАРТИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

34 просмотров

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА АТСАЛЫСУ - КӨШБАСШЫ ПАРТИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

 Нұр Отан партиясының Сайрам аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы бастаған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаты, және аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ерболат Серікбаевтар Қарасу және Ақсукент ауылдық округіне қарасты Әйтекеби елді мекені, жаңақұрылыс аумағындағы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бүгінде ауыз су жүйесін жүргізу үшін, үш мердігер мекеме анықталып, яғни «Баймен» ЖШС, «Данекер» ЖШС, «СК-Максимум» ЖШС тиісті жұмыстар жүргізуде. Партия өкілдері құрылыс барысымен танысып, әр нысанмен жіті танысты.
Сондай-ақ, арнайы су жинап, тарататын жүйе басына барып, ауыл тұрғындарымен тілдесті, олардың ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында ертеңнен бастап 490 абонентке ауыз су берілетіні айтылды.
Бірінші кезекте 490 тұтынушы ауыз сумен қамтылады. Жалпы 104 шақырым жерге ауыз су құбыры тартылып, желтоқсан айының соңына дейін кезең кезеңімен 1480 абонент ауыз сумен қамтылмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *