100 ДЕН АСА БАЛА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРГЕ АТТАНДЫ

106 просмотров

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаевтың тапсырмасына орай 2022 жыл балалар жылы аясында «Біркөлік шатқалына» демалуға 100-ден аса бала жолға шықты. Демалысқа шыққан балалардың бірі жазғы лагерьлерде демалса, енді бірі қала аралап, саяхаттағанды ұнатады. Ал кейбіреулері жеке шаруашылықта еңбек етіп, табыс тапқанды қалайды. Қалай десек те, жаз бойы балалардың көзден таса болмай, уақыттарын тиімді өткізуіне тек мектеп қана емес, ата-ана, жалпы қоғам болып атсалысуымыз қажет- деген аудандық адами әлеуетті дамыту бөлім басшысы Ш.Нұрабаеваның айтуынша «Әдеттегідей биыл да жазғы лагерьге әлеуметтік аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасыдан шыққан балалар жіберілгенін жеткізді. Олар Төлеби ауданы, Екпінді ауылындағы орналасқан «Біркөлік шатқалы» лагерінде демалатын болады. Биылғы жылға аудан бойынша 1400 бала барады деп жоспарлануда. Бүгін де Шұбарсу ауылы Атамекен, М. Исламқұлов жом мектебінің оқушыларынан құралған демалушыларға аудан әкімшілігі тарапынан ұйымдастырған автобус көлігіне отырғызылып, білім бөлімінің жетекші мамандары лагерге орнықтырып келетін болады.Сонымен қатар, лагерьге бара жатқан балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен танысады. Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру — бүгінгі күннің басты міндетіміз- деген аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл жаңа достар табуға септігін тигізетін сапар болғалы тұрғанын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.