
Бұл жайлы Түркістан қаласының «Жылу» МКК мекемесінің сектор меңгерушісі Момбеков Мейрамбек Тәңірбергенұлы апталық жиында мәлім етті. Аталмыш мекеме жаңартылған қазандықтар арқылы қаланың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесіне бағынышты ғимараттарға қызмет көрсету мақсатында дайындық жұмыстарын атқаруда. Атап айтқанда: 1-2 мөлтек аудандарындағы 75 көпқабатты үй, «Отырар» ықшамауданындағы 28 көпқабатты үй, 28 бюджеттік, 60 заңды тұлға, 58 жеке тұлға.Мекеме өлкенің жылу маусымына дайындық барысында 4 тармақ бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда, жылу жүйелеріне шаю және гидравликалық қысымдау, сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.