ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданы аумағында санитарлық тазалық қарқын алды

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданы аумағында санитарлық тазалық қарқын алды

11 просмотров

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданы аумағында санитарлық тазалық қарқын алды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы қоқыс алаңшаларын жуу апталығы басталды. Атап айтқанда, Отырар шағынауданында, Желтоқсан, Түркістан, Диваев, Иляев, Тәуке хан сынды көшелерде орналасқан көпқабатты үйлердің қоқыс алаңшалары жуылды.

Санитарлық тазалау барысында ауладағы қоқыс алаңшалары мен контейнерлер алдымен сұйық сабынмен жуылып, артынан таза сумен шайылды. Сондай-ақ аптап ыстықта зиянды жәндіктер мен шыбын-шіркейлердің жоламауы үшін хлор себілді. Мұндай залалсыздандыру жұмыстары ары қарай жалғасын таба береді.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 192 қоқыс алаңшасы және 749 қоқыс контейнері бар. Бүгінде аудан аумағындағы ескі контейнерлерді санау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жаңа контейнерлер қойылатын болады.

Ауданда қоқыс алаңшаларын кестеге сәйкес тазарту жұмыстарына «Шымкент Спец Комплекс» және «ЭкоСпецТранс» мекемелері жауапты.

Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 4 жерасты және 1 жерүсті өткелі бар. Атап айтсақ, Анаров көшесі, Темір жол вокзалының алдында, Рашидов және Ә.Жангелдин көшелерінің қиылысында, А.Байтұрсынов көшесі бойындағы жерүсті өткелі бар. Ал Төлеметов көшесі және Бәйдібек би даңғылының қиылысында, Бәйдібек би даңғылы, Дендросаябақ алдындағы жер асты өткелі орналасқан.

Күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты «ТехЭкоСервис» ЖШС-ы санитарлық тазалық жұмыстарын кестеге сәйкес аптасына 2 рет жүргізіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.