Сайрам: Қарабұлақтағы жол жөндеу жұмыстарына тұрғындар да атсалысуда

Сайрам: Қарабұлақтағы жол жөндеу жұмыстарына тұрғындар да атсалысуда

29 просмотров

Сайрам: Қарабұлақтағы жол жөндеу жұмыстарына тұрғындар да атсалысуда
Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округіндегі Мирза Баба көшесі маңызы жоғары болған көшелердің көшбасында. Кеңес Одағы кезінде төселген асфальттың әбден тозығы жетіп, көлік түгілі адам жүруге қиналатын. Ауылдың бестен бір бөлігі тұратын бұл ауданға тегіс көше керек еді.
Осыны ескерген басшылық 2021жылдың бюджетіне осы көшені орташа жөндеуден өткізуді қосқан болатын.
Міне сол жұмыстар басталып та кетті. Аудан бюджеті есебінен жөнделіп жатқан көшеге асфальт төсеуден бөлек ескі жарық шамдар заманауи жарытқыштарға ауыстырылды. Бірер жыл бұрын көшеге әдемілеп жаяу жүргіншілер жолағы салынған. Ал енді асфальт төселіп өркениеттің көленкесін көріп отыр. Бұйыртса бір-екі күнде жолға толықтай асфальт төселетін болады.
Осы орайда көше тұрғындарының ұйымшылдығын атап өткен жөн. Барлығы қолына күрек алып, жол салып жатқандарға көмектесіп жатыр, тағы біреулер суын әкеліп жатса, басқпсы тамағын беріп жатыр. Бірлік бар жерде тірлік бар деген мақал осы көшеге сай келіп тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.