«Ауыл – ел тірегі» жобасы жалғасын тапты

«Ауыл – ел тірегі» жобасы жалғасын тапты

24 просмотров

«Ауыл – ел тірегі» жобасы жалғасын тапты

«Ауыл – ел тірегі» атты он күндік жобасы аясында Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округінде «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға», «Серпін – 2050» бағдарламасын насихаттау, NEET үлесіндегі (Not in Education, Employment or Training) жұмыссыз жастар қатарын азайту мақсатында түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, әдістемелік брошюраларда таратылды.
Аталмыш бағдарламаны мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар арасында түсіндіріп, жастардың сапалы білім алуына жол ашу. Сонымен қатар, түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, болашақ мамандықтары арқылы еліміздің дамуына үлесін қосу туралы айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Көлкент ауылдық округінде «Ауыл – ел тірегі» атты он күндік жобасы аясында «Есіктен – есікке» акциясы өткізілген болатын.
Аталған акция барысында ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында ерікті жастардың қатысуымен әдістемелік брошюралар таратылып,  үнпарақтар таратылған болатын. Арнайы әзірленген үнпарақта «Дипломмен — ауылға» бағдарламалары туралы ауыл жастарына қажетті барлық ақпараттар жазылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.