САЙРАМ: Карантин шаралары сақталуы тиіс

САЙРАМ: Карантин шаралары сақталуы тиіс

26 просмотров

САЙРАМ: Карантин шаралары сақталуы тиіс

Сайрам ауданының орталығында карантин режимінің талаптарын сақтау туралы рейдтік іс-шаралар жүргізілді.  Ауданындағы мобильді топтардың жұмысы сынға ұшырады. Бұл жайында аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев апталық жиында мәлім етіп, халықтың қауіпсіздігі мен сақтығының басты назарда болуы керектігін ескертті.

Ауданда науқастар саны өткен аймен салыстырғанда біршама азайғанымен, мерекелік іс-шаралар тоқтамай тұр. Осыған орай, ауданда коронавирустық инфекциясы жағдайын төмендету және алдын алу бойынша тиісті жұмыстар бақылауға алынып, нақты жұмыстар атқаруға тапсырма берілді. Сонымен қатар, жиында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты да сөз болған. 2020-2021 жылғы оқу жылында Сайрам ауданы бойынша жалпы 76 мектепте 60 867 оқушы білім алып, оның ішінде биылғы мектеп бітірушілер саны – 3065-ті құраған. Ал, ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіргендер 1641 оқушы. Талапкерлер аудан абыройын арттырып, облыс көлемінде рейтингісі жоғары аймақтар қатарынан көрінеріне сенім мол. Тестілеу карантин шараларын толықтай сақтай отыра өткізілуі басты назарда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.