САЙРАМ: Демалыс лагерлеріне жіберу жоспарланып отыр

САЙРАМ: Демалыс лагерлеріне жіберу жоспарланып отыр

10 просмотров

САЙРАМ: Демалыс лагерлеріне жіберу жоспарланып отыр

Балалардың жазғы демалысын қызықты етіп ұйымдастыру Сайрам ауданы әкімдігінің назарынан тыс қалған жоқ. Апталық жиын кезінде де бұл мәселе қозғалып, 2021 жылдың 5 маусымынан 18 тамыз аралығында алты ауысымда оқушылыарымызда жазғы демалу лагерлеріне жіберу жоспарланып, ауданның өзінде ұйымдастыру көзделген. Бастапқы жоспар бойынша демалыс лагерлеріне 1800 баланы аттандырмақ ниетте. Оның 300-і ата-ана есебінен болса, 1500-і ауданымыздың тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім қажет ететін оқушылар және де аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларымен толықтырылмақ. Олардың барып-келуі, тамақтану мен жатын орындары толықтай әкімдік атынан төленбек.

Қазіргідей қиын уақытта бұл бастаманың алар орны ерекше. Пандемия кесірінен туындаған мәселелер балалардың, оқушылардың білімі мен тәрбиесіне кері әсерін тигізбеу керек. Сондықтан, игі бастамаға ата-аналар да үлкен ынтамен қатысуы маңызды екенін ескерте кетті апталық жиынды жүргізген аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.