САЙРАМ: Тәжірибе алмасу мақсатында Сыр өңірінен делегация ат басын бұрды

САЙРАМ: Тәжірибе алмасу мақсатында Сыр өңірінен делегация ат басын бұрды

15 просмотров

 

САЙРАМ: Тәжірибе алмасу мақсатында Сыр өңірінен делегация ат басын бұрды

Жерінің түгін тарсаң майы шығатын Сайрам жерінде іске аспайтын тірлік, өркендемейтін өндіріс жоқ. Әсіресе, мұнда ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік ерекше қарқын алған. Алайда, мұның бәрі еңбекқор жұрттың бейнетімен келген береке. Еліміздің әлеуетін арттыруда аймақтардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы аса маңызды. Осы орайда қос көрші Сыр өңірімен Түркістан облысындағы Сайрам ауданы арасындағы жаңа бастамаларға ерекше тоқтала кеткен жөн. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың тапсырмасымен Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемовтың бастамашылық етуімен аудан әкімінің орынбасары және басқада мамандар мен бірнеше кәсіпкерлерден құралған делегация тәжірибе алмасу мақсатында Сайрам ауданына ат басын бұрған.

Қонақтар аудандағы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік нысандарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта тығыз қарым-қатынас жасаға уәделескен. Сонымен қатар, ауданда жүргізіліп жатырған мал бордақылау жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлерге және ерте картоп егетін шаруалардың жұмысына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданының орталықтарында Сайрам ауданының өнімдерін сатуға арнайы орындар әзірлейтінін және Сайрамдық шаруалардың сауда жүргізуіне барынша жағдай жасайтынына уәде етті. Қос аудан арасындағы орнағалы тұрған бұл байланыс жаңа жетістіктердің бастамасы боларына сенім мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.