САЙРАМ: «Судағы қауіпсіздік» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

САЙРАМ: «Судағы қауіпсіздік» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

20 просмотров

САЙРАМ: «Судағы қауіпсіздік» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, аудандық мәслихаттың депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері, ауыл әкімшілігі мамандары мен бірлесіп, ауылдық округтегі жауын-шашын кезінде қауіп келтіретін каналдарды, өзендерді және Көлкент көлі аумақтарын көріп шықты.  Жаз басталысымен судың тілсіз жау екенін ұмытып, шомылуға асыққан азаматтар саны артары сөзсіз. Соңғы жылдары осындай тыйым салынған орындарға шомылып, қайғылы оқиғалардың артуына қарамастан өз денсаулығы үшін тәртіп сақтаушылар азаймай тұр. Тәртіп сақшыларының және еріктілердің аянбай еңбек етуі мен әртүрлі рэйдтері арқасында ондай азаматтарға ескерутлер жасалып, заң жүзінде хаттамалар да толтырылып жатыр. Түркістан облысы Сайрам ауданында да Төтенше жағдайлар басқармасы және Полиция басқармасы, еріктілер және ЖАО қызметкерлерінің қатысуымен Ақсу өзенінің бойында шомылып жүрген ауыл тұрғындарына «Судағы қауіпсіздік» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Баймбетов аудан тұрғындарына үндеу жасап, тәртіп сақтауға, өздерінің және өз жақындарының денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды. Соңғы аралау кезінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 364-баптың 1-тармағы бойынша тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 9 тұрғынға қатысты хаттама толтырылғанын да мәлімдеді басқарма бастығы. Жалпы шомылу маусымы басталғалы аталмыш заңды бұзған 126 хаттама толтырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.