САЙРАМ: Тұрғындар өзекті мәселелері бойынша дер кезінде жүгіне алады

САЙРАМ: Тұрғындар өзекті мәселелері бойынша дер кезінде жүгіне алады

7 просмотров

САЙРАМ: Тұрғындар өзекті мәселелері бойынша дер кезінде жүгіне алады
ҚР Президенті Қ.К Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ауданымызда «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан аудандағы қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын қалыптастыру мақсатында «Парасат» пікір талас клубы құрылған.
Клуб мүшелігіне Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ауыл округтеріндегі ел ағалары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен саяси партиялар, депутаттар, жастар, ұлт жанашырлары, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары енген. Қазіргі таңда мүшелер саны – 43.
Жыл басынан бері клуб отырысы 3 рет өткізіліп, аудан тұрғындарын сапалы ауыз су, табиғи газ, электр энергиясымен қамту, жер мәселесі, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Әрине аудан үшін жаны ашитын тұрғындарға біз әр қашанда ашықпыз. Сайрам ауданының тұрғындары өзекті мәселелер бойынша БАҚ өкілдеріне, блогерлерге жүгінетін. Ал қазіргі таңда аудан баспасөз қызметіне, яғни Сайрам ауданы әкімдігінің WhatsApp және әлеуметтік желідегі парақшаларға жазуға дағдылануда. Қарапайым сұрақтар уақытылы жауап алынбаған жағдайда, өзекті мәселеге айнала береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.