САЙРАМ: Күн тәртібінде қаралған мәселер бойынша тиісті шешімдер қабылданды

САЙРАМ: Күн тәртібінде қаралған мәселер бойынша тиісті шешімдер қабылданды

4 просмотров

САЙРАМ: Күн тәртібінде қаралған мәселер бойынша тиісті шешімдер қабылданды
«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық мәслихатындағы депутаттық фракцияның кезекті отырысы өткізілді. Фракция жетекшісі Алмас Әбдрахманұлы ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Карантин талаптарын сақтау мақсатында фракция отырысы офлайн/онлайн форматында өткізілді.
Фракция отырысы аудандық мәслихат хатшысы Ш.Халмұрадовтың, аудандық білім, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылары мен Ақсукент орталық ауруханасының Бас дәрігерінің орынбасары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша 7-шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатындағы жалпы 24 орын белгіленсе, сол орындардың 20-ын басым дауыспен «Nur Otan» партиясы иеленді.
Аудандық мәслихатта партияның фракциясы құрылып, жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері фракцияның 5 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде қаралған мәселер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап әрбір депутаттың филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесі, оған қоса аудандық мәслихат тарапынан депутаттардың ауылдық округтерде азаматтарды қабылдау кестесі бекітіліп, қабылдаулар мен аудан тұрғындарымен кездесулер тұрақты өткізілуде.
«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне қаңтар-маусым айларында 594 арыз-шағымдар түсті, оның 378 – оң шешімін тауып, 216 заң аясында кеңестер берілген. Соның ішінде фракция мүшелері 105 қабылдау жүргізіліп, 414 азаматтардың мәселесін қараған. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 245 (59%) азаматтың өтініші оңтайлы шешілсе, 169 (39%) азаматқа заң аясында кеңес берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *