САЙРАМ: «Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

САЙРАМ: «Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

13 просмотров

САЙРАМ: «Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2014 жылдың сәуір айынан бастап, өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балаларға, оның ішінде психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға жан-жақты қызмет көрсетеді. Атап айтқанда:
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет
Әлеуметтік-медициналық қызмет
Әлеуметтік-психологиялық қызмет
Әлеуметтік- еңбек қызмет
Әлеуметтік –мәдени қызмет
Әлеуметтік –тұрмыстық қызмет
Әлеуметтік – құқықтық қызмет
Әлеуметтік – экономикалық қызмет түрлерін көрсетіп келеді.
Орталыққа келетін әр азаматқа ойын бөлмесі, жатын бөлмелері және асхана қарастырылған. Қызмет алушыларға 4 мезгіл тамақ ұсынылады.
Мұндағы балалармен, массаж, еңбек, психолог, дене-шынықтыру, дефектолог, логопед, емдік дене-шынықтыру мамандары жұмыс жасайды. Орталықта дәрігер-педиатрдың нұсқауымен балаларға жыл бойына дәрумендер беріледі.
Бүгінгі таңға жалпы 300-ге жуық бала емделіп, оңалтудан өтті. Оның ішінде бірқатары оң нәтиже алып, қазіргі таңда ауданымыздың жалпы орта мектептерінде білім алуда.
Орталық директоры Гулия Лесбекқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *