САЙРАМ: «Көңіл қымбат» атты шығармашылық кездесу кеші

САЙРАМ: «Көңіл қымбат» атты шығармашылық кездесу кеші

6 просмотров

САЙРАМ: «Көңіл қымбат» атты шығармашылық кездесу кеші
Сайрамның төрінде қаламы ұшқыр ақын – жазушы, Қазақстан Республикасының  Жазушылар одағының мүшесі, Бірінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Ордабасы, Сарыағаш аудандарының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иесі, ҚР Мәдениет қайраткері, сазгер Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» атты кеші өтті.
Қонағымыздың аудандық оқырмандары автордың өлеңдерін жатқа оқып, әндерін орындады.
Кеш барысында Әкім Әбдіхайымұлының жаңа «Бір адам бар» әнінің тұсауы кесілді. Сазгер ағамыз  туындысын Сайрамдық әншілерге сыйға тартты.
«Көңіл қымбат» атты шығармашылық кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы жазушы Әкім Әбдіхайымұлын аудан әкімі атынан алғыс хатымен марапаттап, алдағы уақытта тағы да тың туынды күтетінін жасырмады.
Сондай-ақ автор, Сайрам аудандық орталық балалар кітапхансында өткен «Әкім Ысқақ оқулары — 2021» байқауының жүлдегерлерін марапаттады. Кешті мәдениет саласының ардагері, «Қайран ерлер, каһарман ардагерлер» республикалық байқауының лауреаты Жақсыбай Оңалбекұлы автордың «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *