САЙРАМ: Егістік жерлер электронды картаға енгізілуде

САЙРАМ: Егістік жерлер электронды картаға енгізілуде

22 просмотров

САЙРАМ: Егістік жерлер электронды картаға енгізілуде

Ауданның шаруашылығы түрленіп, кәсібі көбейіп, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Сайрам ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округінде жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізілді. Ауыл әкімі Оразбаев Мұрат Жақсымбетұлы бүгінгі таңда түрлі салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ауыл шаруашылық жерлерін цифрландыру бойынша егістік жер -5697 га электронды картаға енгізіліп, жоспар 53 % ға орындалған. Жайылымдық мақсаттағы 1083 га жер электронды картаға енгізіліп, жоспар 55,2 % ға орындалды. Міндетті әулеуметтік медициналық сақтандыру және өзектендіру жұмыстары бойынша 829 адамды құрап, оның ішінен 218 адам БЖТ төлеген, 26 % орындалған. АӘК бойынша шартты 100 отбасыға, шартсыз 25 отбасыға тағайындалған.
Ақбұлақ ауылдық округі бойынша жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу жөніндегі мобилді топ мүшелері тарапынан ТО Көлікті бақылау инспекциясымен бірге 5 техникаға айыппұл салынды және 7 құжатсыз ауыр автокөліктер Ақбұлақ ауылындағы уақытша айыптұраққа қойылды,- деді өз баяндамасында Мұрат Жақсымбетұлы.

Сондай-ақ, ауыл округінде 32 көше бар, бүгінгі таңда 30 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп барлығы-90% құрап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.