ШЫМКЕНТ: Жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген рижимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр

ШЫМКЕНТ: Жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген рижимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр

31 просмотров

ШЫМКЕНТ: Жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген рижимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келді.

Денсаулық сақтау министрі қаладағы халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының Call орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір ауысымда 30 диспетчер жұмыс істейді.
«Эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне байланысты қазір жедел жәрдем қызметіне күніне 5000-ға жуық қоңырау келіп түсуде» — дейді орталықтың бас дәрігері Г. Құрманбекова. Соған қарамастан жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген рижимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр.
Орталықтың жай-күймен танысқан министр А.Цой пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі «Медикер» медициналық орталығының жұмысымен танысты. Орталықты аралап шыққан министр оңалту емін алып жатқан науқастардың жағдайын көріп шықты.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7616 адам вакцина алды I компонент-12515, II компонент-5101). Егу науқаны басталғалы барлығы 362 736 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 261 861 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.