ШЫМКЕНТ: Тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру

ШЫМКЕНТ: Тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру

31 просмотров

ШЫМКЕНТ: Тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру

Қала әкімінің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудан аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үй аулаларының санитарлық тазалау жұмыстарына бақылау жүргізді. Мердігер мекемелерге тазалық жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Абай ауданы бойынша 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Мұнда тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Сонымен қатар, мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелген көп қабатты тұрғын үйлер де бүгінгі таңда нәтиже беруде. Мәселен, тұрғын үйлердің қасбетін реттеп, күтіп ұстау жұмыстарын тұрғындар өз есептерінен жүргізуде.

Жалпы аудан бойынша мүлік иелерінің бірлестігіне 42 үй тіркелсе, 90 үй жай серіктестікке тіркелген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстар күнделікті жүргізілуде.

Шымкенттің келбетін келісті етіп, әрін арттыратын– оның жайқалған жасыл желегі. Қаланың шырайын шұғылалы ету мақсатында Әл-Фараби ауданында да көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде аудан аумағында жасыл-желектерді суғару, газондарды қырқып ретке келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.