ҚАРИЯҒА ҚҰЛАҚ АСҚАН НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ

ҚАРИЯҒА ҚҰЛАҚ АСҚАН НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ

73 просмотров

ҚАРИЯҒА ҚҰЛАҚ АСҚАН НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ«Қарты бар үйдің қазынасы бар,» — дейді қазақ. Расында да солай, ата-әжесі бар үйде береке мен молшылық бар сияқты. Үйіне түсетін кісі де көп, қонақ та толы.

Әр күндері мереке болып өтеді. Ал ол кісілердің тәрбиесін, үлгі-өнегесін алып өскен бала қандай тәрбиелі, дана болып өседі.

«Көп қарттың ортасында жүрген дана болар» дейді. Атасының қасында жүріп ескінің әңгімесін тыңдап, қамшы өрсе, бір бауын ұстап отырса, бойына қаншама рухани әрі дағдылық қасиеттерді сіңіреді. Сол сияқты әжесінің айтқан ертегі-әңгімелері арқылы жақсы мен жаманды, өтірік пен шындықты, ақ пен қараны ажыратуды үйренеді. Баламен отырып әңгілескеннің өзі тәрбиедегі ең маңызды құрал болып табылады: баланың айналасындағыларға деген сенімін оятады, тілін дамытады, тілі арқылы ой-өрісін, интеллектісін арттырады.

Өнегелі өмір жолын өрнектеп, абыз атанған Түркістандық Бимаханбетов Елтай ақсақал 90 жастың төбесіне шықты.
«Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының алғашқы жеңімпаздары — Бимаханбетовтер отбасын көне шаһарда танымайтындар кемде-кем. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков үлгілі отбасы үлгісін танытып жүрген шаңыраққа арнайы барып, Елтай ақсақалды мерейлі жасымен құттықтады.
— Ел ішінде «Өсетін елдің қарты – қазына болар» деген даналық бар. Тәуелсіз елдің ұлағатты ұлын, инабатты қызын тәрбиелеуде қазыналы қарияларымыз — Сіздердің алатын орындарыңыз бөлек. Өздеріңіздей аға буынның жүріп өткен жолы – болашақ үшін үлкен өмірлік мектеп, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.
Абыз ақсақал шаһар басшысымен пікірлесіп, қаланың ертеңі, ұлттық рух, елдік сана туралы әңгіме қозғады. Еңбек жолынан естеліктер айтып, отбасы мерейін тасытудың сырларымен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *