АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН

АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН

19 просмотров

Күллі жаһан жұртшылығын жаппай дүрліктіріп, аз уақыт ішінде әлем елдерін әбігерге түсірген жұқпалы дерт – еңселі елімізді де айналып өтпеді. Бұл індетпен аянбай күні түні күресіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Сол секілді менің анам екі жақты пневмониямен ауырып, қаладағы «Талғат» клиникасына жедел жәрдеммен түсіп, баршамыздың салымыз суға кетіп, неше түрлі әңгімелерді естіп қатты уайымдап жүрдік.

Дегенмен әуелі Алла содан соң анамыздың аман-есен ортамызға оралуына үлкен септігін тигізген «Талғат» клиникасының ерлі зайыпты дәрігерлері провизорлық бөлімнің меңгерушісі дәрігер кардиолог Кемелова Мақпал Мадиярқызына және провизорлық бөлімнің дәрігері Тілеулиев Самат Айдарбекұлына отбасымыздың атынан үлкен алғыс айтып, Алланың нұры жаусын дегіміз келеді.

Ерлі зайыпты абзал жандар қаладағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетін 2010 жылы бір топта оқып, бітірген. Мақпал Мадиярқызы 2012-2015 жылдары ХҚТУ-де оқытушы, 2015 жылдан бастап «Талғат» клиникасында кардиология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының магистры. Ал, жолдасы Самат Айдарбекұлы 2012 жылдан Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде терапия пәнінің аға оқытушысы, 2018 жылдан бері «Талғат» клиникасында дәрігер-терапевт, медицина ғылымдарының магистры.

Анамның айтуы бойынша Мақпал Мадиярқызы келген науқастарға өз анасындай, жанашырлық танытып, бар күш-жігерін сарп етіп, психологиялық тұрғыдан да көмегін ұсынып келеді. Мақпал апай бар жан тәнімен күндіз түні тыным таппай науқастардың жағдайын бақылап, елдің алғысына бөленуде. «Талғат» клиникасының басшылығына осындай білікті мамандарының барына отбасымыздың атынан үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.

Сұлтанбай ӘШІРБАЙ,
Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *