"Amazing Turkistan" қосымшасы арқылы қаладағы кәсіпкерлер 17 млн. 237 мың 250 теңге табыс тапты

«Amazing Turkistan» қосымшасы арқылы қаладағы кәсіпкерлер 17 млн. 237 мың 250 теңге табыс тапты

15 просмотров

"Amazing Turkistan" қосымшасы  арқылы қаладағы кәсіпкерлер 17 млн. 237 мың 250 теңге табыс тапты

Бастапқыда туристер үшін іске қосылған «Amazing Turkistan» қосымшасы елдегі төтенше жағдай мен карантин режимінде қала тұрғындарына ыңғайлы болған қосымшаға айналды. Әсіресе, жұмысы уақытша тоқтаған кәсіпкерлік нысандар үшін онлайн сауда мен үйге дейін жеткізіп беру қызметтерін жүзеге асыруда маңызы зор болды. Ал бүгінде аталған қосымша арқылы қаладағы кәсіпкерлер 17 млн. 237 мың 250 теңге табыс тапты! Онлайн сауда үйден шықпай-ақ қызмет алу және қызмет көрсету ісін жандандырып, дамуына серпін берді.

Сондықтан, барша кәсіп иелерін тәжірибе жүзінде оң нәтиже берген және қала үшін жаңашылдық берген жүйені пайдалануға шақырамыз.

Біздің мақсатымыз — Сіздің жайлылығыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *