АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

52 просмотров

АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Төлеби ауданының прокуроры Дәулет Тлемисов аудан жастарымен кездесті. Жастар арасындағы қылмыс пен әлімжеттіктің алдын алу және болдырмау мақсатында ұйымдастырылған жиында Қазақстан Республикасының заңнамалары түсіндірілді.
Еркін тақырыпта өткен басқосуда аудан прокуроры жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан – жанты жауап берді. Сондай-ақ, қазір білімділердің заманы екенін айтып, спортпен шұғылдануға және жақсы оқуға шақырды. Жас өмірді бос өткізбей үйірмелерге қатысуға үндеді.

АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ


Сондай-ақ, аудан прокуратурасының бастамасымен құрылған мобильді топ мүшелері балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеуге байланысты Ленгір қаласындағы мектептердің оқушыларымен кездесті. Семинарда қоғамда болып жатқан жастар арасындағы қылмыстың белең алуы, суицид, әлімжеттік, мектеп қабырғасындағы ерте жүктілік сынды мәселелерді алдын алу және болдырмау шаралары бойынша лекциялар оқылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *