Ауыл шаруашылығы министрі Президент Жолдауын іске асырудағы нақты шараларды атап өтті

Ауыл шаруашылығы министрі Президент Жолдауын іске асырудағы нақты шараларды атап өтті

14 просмотров

Ауыл шаруашылығы министрі Президент Жолдауын іске асырудағы нақты шараларды атап өттіМинистр Ербол Қарашөкеев Үкімет мүшелеріне Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Министрлік әзірлеген және қабылдап жатқан жүйелі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрі.

Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өндірісіне ауа райы факторларының теріс әсерін азайту, сондай-ақ мал шаруашылығының жемшөп базасын дамыту үшін, егіншілікті нақты әртараптандыру қамтамасыз етіледі.

Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды, ғарыштық мониторингті және жерді қашықтықтан зондтауды пайдалана отырып, қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша жер пайдаланушылардың қызметін бақылаудың және әртараптандыру процесін мемлекеттік реттеу шараларының тиімді тетіктері әзірленуде.

Бұл шаралар жемшөп дақылдарының ауыспалы егістегі үлесін ғылыми негізделген нормаларға дейін жеткізе отырып, оларды өсіру алаңын 2 есе ұлғайтады.

Сондай-ақ, түбегейлі және жеңіл желпі жақсарту жолымен жайылымдардың өнімділігін арттыруға, оларды суландырудың неғұрлым тиімді моделін қолдану арқылы жаңа жайылымдық алқаптарды айналымға тартуға жаңа тәсілдер әзірленетін және енгізілетін болады.

Шамамен 1,6 млн жеке қосалқы шаруашылық 2,6 трлн. теңгенің өнімін немесе барлық ауыл шаруашылығы өнімінің 41,5% — ын өндіреді. Қолда бар әлеуетті ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы әзірленіп, ұсынылатын болады.

«Аталған заң жобасын қабылдау ЖҚШ жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттеуге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай — ақ жеке қосалқы шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді» — деп баяндады министр.

ЖҚШ әлеуетін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы іске қосу жоспарланып отыр, ол ЖҚШ кооперациясының тік және көлденең тізбектері арқылы ұсақ бытыраңқы фермерлерді тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қажеттіліктерімен байланыстырады.

«Кооперацияның «Бірге – күштіміз» қағидаты ауылдағы ұсақ тауарлы өндірістің бәсекелестік артықшылықтарын арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Е.Қарашөкеев.

Кооперация арқылы Жамбыл облысы халқының табысын ауқымды және тиімді арттыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың оң тәжірибесі 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі әзірленіп жатқан ұлттық жоба шеңберінде кеңейтілетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ветеринария жүйесі түбегейлі реформаланатын болады.

Мемлекеттік монополия функцияларының бір бөлігін бәсекелі ортаға беру жоспарланып отыр, ветеринариялық қызметтің жұмысы цифрлық форматқа көшіріліп, сол арқылы эпизоотиялық жағдайдың бақылануы және мал шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветқызметтері арасындағы өкілеттіктердің аражігі нақты ажыратылатын болады. Ветеринарлық мамандардың жалақысын көтеру мәселесін шешу жоспарлануда.

Бұл бастамаларды іске асыру үшін ветеринария саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулардың тиісті пакеті әзірленетін болады.

Саланы мемлекеттік қолдау тұтастай алғанда оны оңтайландыруға, оның өндіріс көлеміне қарамастан барлық субъектілерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге, түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге және саланы техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға бағытталатын болады.

«Бұл жұмыс мал шаруашылығы саласын субсидиялаудан бастап кезең — кезеңімен жүргізіледі», — деді ведомство басшысы.

Егіс алқаптарын әртараптандыру, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ жерді ұтымды пайдалану жөніндегі талаптарды орындау сияқты бизнес үшін қарсы міндеттемелер кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Субсидия тиімділігінің жүйелі мониторингі мақсатында АӨК-ні субсидиялау тиімділігінің әдістемесі қабылданатын болады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген барлық тапсырмалары бойынша ауыл шаруашылығы министрлігі олардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін қажетті шаралар әзірледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *