БҰЛ СЫНАҚТЫ ДЕ ЕҢСЕРУГЕ ҚАУҚАРЛЫМЫЗ

БҰЛ СЫНАҚТЫ ДЕ ЕҢСЕРУГЕ ҚАУҚАРЛЫМЫЗ

13 просмотров

БҰЛ СЫНАҚТЫ ДЕ ЕҢСЕРУГЕ ҚАУҚАРЛЫМЫЗ

Тағдырдың талай талқысын басынан өткерген көнбіс халқымыз шыдамдылық пен сабыр, қажымас жігер ғана қиындықтан аман алып шығарына сенген. Сан қилы айтып келмес «тілсіз жаумен» күресте де ұтымды амалмен жедел әрі батыл іс-қимыл арқасында жеңіске жететін. Сондықтан кейінгі ұрпаққа «Жау қайда деме, жар астында, бөрі қайда деме, бөрік астында», – деп «сақтықта қорлық жоғын» айтып бақты.

Тым алысқа бармай-ақ, елдегіні еске салмай-ақ, өткен ғасырдағы әлем халқының иманын ұшырған «Испан тұмауы» кезінде қай мемлекет болса да,«халыққа көмек қолын ұсынамыз ба, экономиканы құтқарамыз ба?» деген сауалды алдына көлденең тартқанын білесіздер.

Ойға салып салмақтап көріңіз, ел экономикасын сақтау да еңселі мәселе емес пе? Бірақ, халқы жоқ мемлекет болуы мүмкін бе? Айырма соның жай-жапсары ертерек ескерілмегендігі. Халық жағдайының төмендеп кетуі.

Бұл аурудың түп-төркініненазар аударсаңыз, антисанитария болатын. Қан майданның шеңгелінен енді ажыраған халық тұмаудың тұтқынына түсті. Екі оттың ортасында қалған мемлекеттердің экономикасы тұралады. Азық-түлік тапшылығы, жұмыссыздық, дəрігерлердің шарасыздығы тығырыққа тіреді. Ендеше, біздің елдегі жағдайға мың мәрте шүкіршілік ету орынды.

Байқаған шығарсыз, халқымыздың «отпен ойнама күйерсің» дегені осы емес не? Осы індетке байланысты сақтық шаралары кезінде шыдамсыздық танытып пендешіліке ұрынғандардың қылығын да байқап қалдық. Олар қазақтың «қамданған қапы қалмайды» деген сөзін ескермеген сыңайлы, әйтпесе баршаға аян «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді қаперіне алар еді-ау дейсің. Ата-бабамыз «Ажал айтып, келмейді» ертеқамдан деген де нені мезгеді? Бар шаруаңды үкіметтің иығына артып қой деп пе еді? Сынақ кезінде сол пиғыл ашық айтылып қалғаны рас қой.

Әлбетте, «Ашынған жан тәңірін қарғайды» деген әлгі шарасыз жандардың жанайқайын біз де ұғамыз. Десекте, ел басшылары мұндай іске амалсыздан барып отыр емес пе?

Дана халқымыздың «Ерді кебенек ішінде таны» дегені сол емес пе, қиын-қыстау кезде ақ халатты абзал жандар, дəрігерлер, мектеп оқушыларын білім нәрінен айырмай, əр үйдің еркесімен қашықтықтан болса да отаншылдық тəрбие беріп жүрген ұстаздар қауымы, алғашқы шепте кеудесін оққа тосқан майдангер аталарымыздай індетті жерде жанын пида етіп жүрген полиция, əскерилер, шекара сақшыларының ерлік істеріне алғысымыз шексіз.

Бүгінде Еуропа мен Азия да өткен ғасырдағы босаңсу салдарынан туындағанқатерлі сынақты кейінгі жылдары да қайтадан басынан кешкенін мойындап, халқының əлеуметтік деңгейін сақтап қалу үшін ұлттық қордан қомақты қаржы бөлу қарастырылуда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ТМД елдерінің арасында пандемияға қажетті шараларды алғашқылардың бірі болып қабылдадық. Карантин режимін сақтау азаматтарға оңай емес екенін түсінемін. Бірақ басқа амал жоқ. Дегенмен, біз экономикалық даму, шағын жəне орта бизнесті қолдау туралы ойлануымыз керек. Күнделікті еңбек етіп, тіршілігін жасап жатқан халық өз мүмкіндіктерінен айырылып қалмауы керек», – деген сөзі қамқор көңілден шыққан шынайы сөз.

Ендеше, біздің қамқор мемлекетіміздің ел тағдырына алаңдап жасаған сақтық шаралары үшін алғысымыз шексіз болып қала бермек.

Бағила Дүйсебаева,

Түркістан қаласының тұрғыны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *