«Бұл сынақты жеңетінімізге сенімім мол!»

«Бұл сынақты жеңетінімізге сенімім мол!»

3 просмотров

«Бұл сынақты жеңетінімізге сенімім мол!»

Мемлекет Басшысының телеарна арқылы жасаған үндеуін отбасымызбен отырып көрдік. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл Үндеуі халықтың әлеуетін ойлаған білікті басшының саясаты. Бұл Үндеу біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Мемлекет тарапынан барлық міндеттерді орындайтынына тоқталып, қажетті дәрі-дәрмектермен де толық қамтамасыз ететіндіктерін айтты. Негізсіз бағаны өсірген әрекеттерге тыйым салып, елді дүрліктіретін жалған ақпарат таратушылар жазаланатынын, ақпаратты тек ресми мәліметтерге сүйеніп берулерін нақтылады. Сонымен қатар Жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін, жұмыла жұмыс жасап, сақтық шараларын ұстану керектігіне тоқталып өтті.

Еліміздің басшысы айтқандай «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлік пен татулығымыздың арқасында бұл сынақты да жеңетінімізге сенімім мол!

Бүкіл халықтың, жақындарымыздың денсаулығын сақтау мақсатында əрбіріміз маңызды қадамдар жасап, қоғамға оң ықпал жасауды өзімізден бастайық!

Есенбек Кенжеғараев,

Созақ аудандық Қоғамдық Келісім Кеңесінің төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *