«Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және құқығын қорғау - аса жауапкершілік, азаматтық парыз»

«Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және құқығын қорғау — аса жауапкершілік, азаматтық парыз»

48 просмотров

«Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және құқығын қорғау - аса жауапкершілік, азаматтық парыз»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылдың  26 желтоқсандағы №992-к бұйрығымен «Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі болып, Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Департаменттің функционалдық міндеттері мен мақсаттарына баланың құқығын қорғау, бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, қабылдау және қонақтайтын отбасы, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығына қарсы іс-қимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру талаптары қосымша міндеттелді. Жылына бір рет білім беру, денсаулық сақтау және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында,  арнайы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында балалардың білім алуға, тамақтануды, тасымалдауды, демалысты, сауықтандыруды және бос уақытын ұйымдастыруға балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу және оның нәтижелерін балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға жіберу енгізілді.

Департаменттің құзіреттілігіне жататын мәселелер бойынша облыс көлеміндегі білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарларына бөлімдер қосылып, орын алған келеңсіз мәселелер бойынша дер кезінде  мәліметтер алынып, Комитетке хабарлана отырып, тиісті шешімдер қабылдану үшін жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі таңда облысымыздың бірқатар аудандарында балалардың құқықтарын қорғау және кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау, алдын алу жұмыстарында келеңсіз оқиғалар орын алып жатқандығы бәрімізге аян.

2019-2020 оқу жылында Сарыағаш, Келес аудандары мен Түлкібас аудандарында білім беру мекемелерінде кәмелетке толмаған жаөспірімдер арасында  жыныстық қатынас жасалғаны жөнінде ақпараттар түсіп, БАҚ-да жазылып, облыс аумағында үлкен даулы жағдайлар туындағаны мәлім. Осындай жағдайларда, Департаментпен арыздар мен БАҚ-да жазылған мәліметтер бойынша  жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылып, өзінің функцоналдық қызметіне бей жай қараған білім беру ұйымдарының басшыларына әкімшілік шаралар көріп, ол туралы  құзырлы органдар мен  жергілікті басқару органдарына тиісті шешім қабылдау үшін жолданып отырды.

Облыс көлеміндегі білім беру мекемелерінде жұмыс атқаратын педагог-психолог және әлеуметтік-педагог мамандарының қызметтерін бақылауға алып, әр баланың мектеп қабырғасында жүріп-тұруына, ол баланың қай сала бойынша қызығушылық танытып, неге бейім екенін анықтаумен қатар, отбасындағы  және мектеп қабырғасында келеңсіз жағдай туындаған жағдайда жан сырын айта алатын жанашыр адам ретінде балалардың жанынан табылатын  дос ретінде қызмет атқаруы заман талабы болып отыр.

Қазіргі кезде кәмелет жасына толмаған балалардың қараусыз қалуы салдарынан, орны толмас қазаға алып келетін жайлар жиілеп барады. Оған дәлел Түлкібас ауданында үш жастағы баланың ата-аналары тарапынан қараусыз қалып суға түсіп мерт болу болса, былтырғы жылы Қазығұрт ауданында мектеп қабырғасында денешынықтыру сабағында мектеп оқушысының әріптестерінің көз алдында қайтыс болуы жан күйзелтеді.

Бүгінгі таңда ата-аналардың жұмысбастылығы немесе жауапкершіліктің төмендігінен  кәмелет жасына толмаған балалар беймезгіл кезде көшеге шығып, келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Осындай мәселелердің алдын алу бойынша ата-аналар мен білім беру мекемелерінің бірлесе атқаратын жұмыстарын жандандырып, педагог-психологтардың ролдерінің маңызды екенін түсіндіре жұмыс жүргізу өзінің жемісін берері анық. Әр баланы бейініне сәйкес үйірме жұмыстарына тартып, ол бойынша нәтижесін көріп баланың қызығушылығын арттырып отыру жұмыстары қолға алыну керек. Ал біздің білім беру мекемелерімізде, балалардың қызығушылығына емес, мектеп мұғалімдерінің сағатын толтыру үшін керек етілмейтін үйірмелер ашылып, оған қызығушылық танытпаған балалар қашқалақтап екі  ортада ата-ананың да білім беру мекемесінің де бақылауынан шығып, келеңсіз жағдайларға тап болуы әбден мүмкін.

Сонымен қатар, облысымыздағы бірқатар білім мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында мүмкіншілігі шектеулі балалардың тұрмыс жағдайы мен әлеуметтік қамтамасыз ету шараларында келеңсіз жағдайлардың орын алуы әлеуметтік желіде жарияланып отыр.

  Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Облыстық құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгер қосалқы мектеп-интернатының» басшына қатысты және Түркістан облысының Төлеби ауңданындағы №7 «Тасарық» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» орын алған келеңсіз жағдайларға байланысты, арнайы топ құрылып, балалардың білім алу мен тәрбиеленуіне, тамақтануына қатысты жұмыстарды жүргізу барысында, балалардың құқықтарының қорғалуы мен педагогтардың қызметтері бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Бұл бағытта балалар құқықтарын қорғау мәселесі Департаменттің үнемі бақылауында болатыны сөзсіз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменттер басшыларының аймақтық деңгейде балалардың құқығын қорғау бойынша бірлескен жұмыс жоспары бекітіліп, оны іске асыру жұмыстарын жүргізудеміз.

Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен, облыстық білім басқармасымен бірлескен 2020 жылдың 20 мамыр және 20 маусым аралығында 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» республикалық акция аясындағы іс-шаралар жоспары жасалып, орындалуы бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

«Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы  30 наурыздағы №156 қаулысын орындауда бірлескен жұмыстар жүргізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі және талабы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғаудың 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының орындалуы басты назарда.

Қ.Шербаев,

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *