БАТЫР БЕКЗАТ ҰЛЫҚТАЛДЫ

БАТЫР БЕКЗАТ ҰЛЫҚТАЛДЫ

87 просмотров

БАТЫР БЕКЗАТ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласы, Бекзат мөлтек ауданы Ж.Еділбаев атындағы 18 мектептің спорт кешенінде Түркістан қаласы және Отырар ауданының «Құрметті азаматы», қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада жеңімпазы, Қазақстан республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, Ⅰ дәрежелі «Барыс » орденінің иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы XVII Республикалық турнирінің ашылу салтанаты болды.

Бекзат Саттархановтың туған күніне орай, ұйымдастырылған шараға Түркістан қаласының әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы мен Түркістан қаласының Құрметті азаматы, Батыр Бекзаттың анасы Саттарханова Сырлыкүл жарыстың салтанатты ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Салауатты өмір салтын, жастар арасындағы бокс спортын насихаттау, спортшылар арасында достықты нығайту, қала және ауыл боксын көтеруді желеу етіп, өткізіліп отырған бұл турнирдің қатысушыларына «Бекзаттың жолын берсін!» деген ізгі тілегімізді жеткізіп, сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.