"BI GROUP" КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

«BI GROUP» КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

30 просмотров

"BI GROUP" КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Белгілі «BI Group» компаниясы жергілікті ауруханаға екі оттегі концентрантын тарту етті.

Түркістан қаласында қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды. Карантинге қарамастан сақтық талаптарын сақтай отырып құрылысшылар қарт қаланың көркеюіне үлес қосуда. Ел басына күн туып, жаман індетпен ауырған науқастардың қатары көбейген шақ — елдің де ердің де сыналатын сәті. Рухани шаһардағы біршама маңызды ғимараттардың бой көтеруін іске асырып жатқан «BI Group» компаниясы қиын сәтте көмік қолын созды. Олай дейтініміз аталмыш ұйым жергілікті ауруханаға екі оттегі концентрантын тарту етті.

Өкпе қабынуы мен дем жетіспеушілігіне шалдыққан әр азаматқа қандай да болмасын көмектің маңызы зор. Себебі, әр минут, әр уақыт ол жандардың терең тыныс алып, өмір сүруіне көмектеседі. Осындай жерлестерге қолдау көрсетіп, көмек қолын созған азаматтарға алғыс білдіреміз.

Жалпы, осы айдың соңына дейін тағы 8 оттегі концентранты тарту етіледі деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *