Білім берудегі жаңа бағыт, заман талабы

Білім берудегі жаңа бағыт, заман талабы

60 просмотров

Білім берудегі жаңа бағыт, заман талабы

      Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі білім беру үдерісінің жаңарып, өзгеруі заман талабы. Заманның ағымынан қалмай білім алу мен білім беруде мұғалімдер ілгері деңгейде дамуда.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары онлайн форматында өтті. «География пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында жүргізілген курс барысында аталған институттың «Білім беру процесін психологиялық педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Эльмира Базарбайқызы Түгелбаева жалпы орта білім беретін мектептерде география пәнінен сабақ беретін мұғалімдеріне онлайн дәрістер өткізді.

Мектептердегі педагог кадрлардың кәсіби дамуын қамтамасыз етуді мақсат еткен курс барысында Эльмира Базарбайқызы алған білімдерін қоғамда қолдануға, қойған мақсаттарын іске асыруға, мұғалімнің атқаратын білім беру саласында жүргізілген оқыту мен оқу үдерістерінің қажетті сапалы тәжірибелерімен бөлісті. Онлайн курсқа қатысқан жиырма мұғалім білім сапасын арттыру үшін мұғалімдерге география пәнін оқытуды бағдарламалық, әдістемелік қамтамасыз ету нұсқау хаттарымен танысып, жан-жақты ақпарат алды.

Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. Пәнді  оқыту барысында «шиыршық» қағидалары әзірленген, яғни білім дағдыларын жан-жақты тереңірек, күрделірек деңгейде қарастырылған. Сонымен бірге география пәнінің міндеттері, экологиялық білім беру әдістемесі, саяси қарым-қатынас және олардың негізгі бағыттары айтылып, тыңдаушылар да өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қазіргі кезде әлемдегі барлық елдерде білім беруді ақпараттандыру, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда кәсіптік білім беру сапасын арттыру керектігі көрінеді. Сондықтан да осындай жауапты кезеңде ұстаздардың білімін жетілдіруіне жағдай жасаған институт басшылығы мен аға оқытушыларына алғысымызды білдіреміз.

Салтанат ЕСЕНБЕКОВА,

Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *