"Біздің міндет - қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі аясында аянбай қызмет атқару"

«Біздің міндет — қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі аясында аянбай қызмет атқару»

22 просмотров

"Біздің міндет - қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі аясында аянбай қызмет атқару"

Түркістан облысының бас полицейі «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу туралы» Заңды жеке құрамға түсіндіріп өтті.

Естеріңізде болса ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі» туралы Заңға қол қойған болатын. Қабылданған Жаңа Заң ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков жеке құрамға толық түсіндіріп өтті.

"Біздің міндет - қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі аясында аянбай қызмет атқару"

Жиында сөз алған департамент бастығы Қайрат Дәлбеков бұл тұрғыда полицейлердің басты міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау екенін баса айтты. Сондай-ақ полиция генерал-майоры: «Біз үшін қашанда әрбір адамның конститутциялық құқықтары бірінші орында тұрады. Соны ескеріңіздер. Біздің міндет — қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі аясында аянбай қызмет атқару. Түрлі құқықбұзушылыққа жол бермей, тәртіптің орнауына ықпал ету. Бейбіт митингілердің заңда көрсетілген ережелерге сәйкес өтуін қадағалайтын боламыз» — деп атап өтті.

Жалпы, Жаңа Заңға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады. Оған қоса, бейбіт митинг өткізбес алдын жауапты орындарға хабарлап, рұқсат алынуы қажет.
Осылайша, Полиция департаментінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заң кеңінен насихатталып, полиция қызметкерлеріне ұғындырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *