ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕ ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ ТУДЫРАДЫ

ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕ ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ ТУДЫРАДЫ

3 просмотров

ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕ ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ ТУДЫРАДЫ

Түркістан қалалық емханасы 2018 жылдан бастап толық цифрлық жүйеге көшкен. Сол жүйені дамыту мақсатында, емхананың «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышында сенсорлы экран қойылған. Ол арқылы емханаға келген азаматтар дәрігер қабылдауына жазыла алады, egov.kz электронды порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндік алады. Дәрігердің жұмыс кестесін және бірінші рет келіп тұрған болса дәрігердің келбетін, оған қалай баруға болатынын көре алады, яғни бару жолы видео арқылы көрсетіледі.

Қазіргі таңда әлемде өлім көрсеткіші бойынша екінші орынды алатын онкология ауруының алдын алу мақсатында, емханада «жасыл дәліз» жұмысы іске қосылған. Оның негізгі мақсаты онкология ауруына күдік туындаған науқастарға кезексіз тексерулер жүргізу арқылы бір күннің ішінде анықтау. Мысалы онколог дәрігері науқасты күдікті деп таныса онда қолына «жасыл білезік» тағылады. Жасыл білезік тағылған азаматтар кезексіз толық тексеруден өтеді. Қосымша емханамыздан «аналитикалық орталық» ашылып жатыр, ол жерде емханаға қарасты барлық мекемелердің жұмысын айына екі рет саралау жұмыстары жүргізіліп отырады. Ол арқылы емхананың халыққа қызмет көрсету жұмысын толық деңгейде жүргізілуін басшылығы бақылай алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *