"Елдің қайғысы менің қайғым"

«Елдің қайғысы менің қайғым»

27 просмотров

"Елдің қайғысы менің қайғым"

Осылай ұрандатқан Жетісайлық депутат аудандық орталық ауруханаға жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты.

Өмірде себепсіз жақсылық жасайтын адамдар өте көп. Жақсылық жасау үшін тек ниетің дұрыс болу керектігін тағыда бір дәлелдеген азамат. Жетісай ауданы мәслихатының депутаты, жаста болса талай іске бас болып жүрген Жұмағали Төреқұл, өз жанұясының атынан Жетісай аудандық орталық ауруханасына құны 700 мың теңге болатын жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты. » Кім бір адамды өлімнен құтқарса барлық адамды өлімнен құтқарғанмен тең» деген.
«Осындай қиын кезеңде қол қусырып отырмай демеу көрсете алатын өзің сияқты азаматтар көп болсын. Бұл аппарат біздер үшін қымбат бағалы. Бұдан былай елде тек жақсы жаңалықтар көп болын. Ешқашан ауырмаңыздар» дейді Жетісай ауданы орталық ауруханасының басшысы Нұрлан Жолдасбеков.

«Дәл қазіргі жағдайда жақсылығы қарабасының қамынан аспайтын, болмашы жерден пайда көріп қалсам деген жандар жетерлік. Тиын тұратын дәріні теңгеге сатып жатқан кәсіпкерлерді де көз көрді. Оларға құдай сана берсін дейміз. Бізде өз тарапымыздан «Елдің қайғысы менің қайғым» деп жақсылық жасаған бауырымызға рақметімізді айтамыз» деп ризашылығын білдірді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Примбеков Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *