ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ

22 просмотров

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

Қарақозы Әбдәлиев 1908 жылы Шымкент уезіне қарасты Қазығұрт тауының етегін жайлаған Талдыбұлақ ауылында (қазіргі Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылы) дүниеге келген. Кей деректерде ол Төлеби ауданында туылған делінеді. Қарақозы 1923-1926 жылдары Шымкент қаласындағы мектеп-интернатта оқыған. Содан кейін ұжымшарда, ауылдық кеңесте хатшылық қызмет атқарған. 1932-1934 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген. 1934-1939 жылдары ұжымшардың, ауылдық кеңестің есепшісі, аудандық қаржы бөлімінің инспекторы болып қызмет істеген. 1939 жылдың желтоқсан айынан Ленгер (қазіргі Төлеби) аудандық партия комитетінде есепші болған. 1940 жылы сәуір айында Коммунистік партия қатарына қабылданған. Осылайша ол жер-жерде партия, кеңес органдарында, шаруашылық саласында жемісті еңбек еткен. 1942 жылы 19 сәуірде Қарақозы Әбдәлиев сүйікті Отанын қатыгез жаудан қорғауға аттанған. Гвардия лейтенанты 126-Горловтық дивизияға қарасты 690-атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысқан. 1943 жылы 22 қазан күні Украинаның Запорожье облысындағы Мелитополь қаласы үшін болған ұрыста өз взводымен дұшпан бекінісіне шабуыл жасап, 17 үйді жаудан босатып, фашистердің оқ жаудырып тұрған 23 ұясын, алпыстан астам гитлершілдерді жойған. Көше бойындағы жекпе-жек шайқаста сол қолынан жараланғанына қарамастан, қаптап келе жатқан жау танкілеріне пулеметтен оқ жаудырған. Тұтанғыш гранаталар лақтырып, олардың бірнешеуін істен шығарған. Жиырмадай автоматшыны өлтірген. Осы ұрыста қол созым жерден жау танкісіне гранат лақтырып, қаһармандықпен қаза тапқан. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 1 қарашадағы Жарлығымен Мелитополь қаласын жаудан азат етудегі көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *