ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

57 просмотров

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

 «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі»  ұйымдастырған «Аңыздан туған ақиқат» ғылыми-әдістемелік экспедициясы өз жұмысын бастады. Алғашқы сапарын Түркістан қаласындағы Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендерін аралаудан бастаған экспедиция мүшелері Шорнақтан шыққан біртуар ақын-жырау Әбдірайым Байтұрсыновтың көзін көрген замандастарымен  тілдесіп,  естелік-әңгімелерін тыңдады. Сонымен қатар Т. Айтжанов атындағы орта мектебінде Ә. Байтұрсынов атындағы сыныптың ашылуына қатысқан қорық-музей қызметкерлері  «Халқын сүйген, халқы сүйген ақын» атты дөңгелек үстелде де кеңінен пікір алмасты. Айтулы шараға

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан қаласының Құрметті азаматтары Еркінбек Омарбеков, Кеңесбек Бөкебаев және ақынның ұлы Абдолла Әбдірайымұлы қатысып, аңызға айналған тұлғалар жөніндегі деректермен бөлісті.

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлының бастамасымен қолға алынған «Аңыздан туған ақиқат» ғылыми-әдістемелік экспедициясы нәтижесінде Түркістан және тарихи жерде туған тұлғалар жайлы деректер «500 аңыз» кітабында жарық көріп, оқырман назарына ұсынылады. Бұған дейін «100 аңыз» атауымен жарық көрген тарихи-танымдық жинақ орыс, ағылшын және түрік тілдеріне аударылуда.

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Аталған экспедиция тобының жетекшісі — Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің редакторы Әбдікерім Манапов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *