Халық қалаулысы қала тұрғындарына көмегін аямайтынын жеткізді

Халық қалаулысы қала тұрғындарына көмегін аямайтынын жеткізді

12 просмотров

Халық қалаулысы қала тұрғындарына көмегін аямайтынын жеткізді

Апта сайынғы дәстүрге айналған қалалық мәслихат депутаттарының халықпен кездесуі бұл аптада да жалғасын тапты. Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының заманауи ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауда халық қалаулысы Сүлейменова Жәмила бірнеше тұрғынның түйіткілді мәселесінің шешімі табылуына сеп болды. 

Атап айтар болсақ, қала тұрғыны, көпбалалы ана мектеп қабырғасында білім алатын 4 баласына техникалық құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігін айтқан. Ол онлайн оқу кезінде үлкен қажеттілікті тудырған байланыс құралдарының 4 оқушы бірдей қамтуға қауқарсыз екенін айтып шағымданған еді. Мәселенің анық-қанығын білген Жәмила Төреханқызы оқушылардың қай мектепте білім алатынын анықтап, «Адами капиталды дамыту бөліміне» аранайы барып, шешімін табатынына уәде етті. Сонымен қатар, қызметсіз қалған ананың жұмыспен орналасуына да ықпал ететіндігін жеткізді.

Келесі қаралған мәселе ерекше күтімді қажет ететін жұбайы мен екі баласы бар ананың өтініші болды. Жалдамалы пәтерлерді күнелтіп келген ол, күннен күнге шарықтаған пәтер құнын қалтасы көтермейтіндігін жеткізген. Мәселенің мән-жайымен толық танысқан мәслихат депутаты тұрғын үйлердің құрылысы аяқтала сала категорияға сай алғашқылар қатарында баспана алатынын айтты. Сонымен қатар, жас отбасыға арнайы ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларынан да көптеген көмектер көрсетілетінін айтты Жәмила Сүлейменова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *