Халық қалаулысы бір жанұяға телефон сыйлады

Халық қалаулысы бір жанұяға телефон сыйлады

12 просмотров

Халық қалаулысы бір жанұяға телефон сыйлады

Өздеріңізге Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары күнделікті қоғамдық қабылдау өткізіп жатқанын хабардар еткен болатынбыз. Соның нәтижесінде біршама тұрғын көкейіндегі сауалына жауап алып, көмекке өол жеткізіп келеді. Бүгін де Қоғамдық қабылдау аясында Халық қалаулысы бір отбасының білім алуы үшін техника сұрай келген тұрғынға телефон берді. Бүгін Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының «Open space» үлгісіндегі ғимаратында қалалық мәслихаттың депутаты Тәженов Сәкен Қыдырбекұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды.⠀Түркістан қаласының азаматы жұмыссыздығына байланысты, өз мамандығы бойынша қызмет жасауды сұрап келген. Мамандығы — бастауыш сынып мұғалімі. Осы уақытқа дейін біршама жұмысты қарастарып, 2017-2018 жылдары жұмыссыздыққа тіркелген. Бұл мәселеге Сәкен Қыдырбекұлы «Халықты жұмыспен қамту орталығына» хабарласып анықтайтынын, сондай-ақ, «Адами капиталды дамыту бөлімімен» байланысып, жұмыстың ретін біліп, жауабын алдағы апта ішінде айтатынын жеткізді. Екінші кезекте, тұрғын үй мәселесімен келген аналарды қабылдады. Ұзақ уақыт бойы жалдамалы пәтерде күнелтіп жүрген отбасылар үйсіз қиналып жүргендігін және қысқы отындарына қаржы жетіспейтіндігін айтады. Бұл мәселені Сәкен Қыдырбекұлы тұрақты комиссия жиналысында көтеріп, жауабын хабарласып жіткізетіндігін білдірді.Сондай-ақ, көпбалалы ана балаларын қашықтықтан оқыту үшін техниканың жоқтығынан қиналып жүргенін айтады. 4 балалы ананың екі баласы мектеп қабырғасында білім алуда. Сабақтардың онлайн болуына байланысты, планшет алып беруді сұрап келген. Мәселенің анық-қанығымен таныс болған Сәкен Қыдырбекұлы өзінің атынан арнайы осы отбасының балалары үшін телефон алып берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *