Халықтық топқа артылған сенім мол

Халықтық топқа артылған сенім мол

11 просмотров

Халықтық топқа артылған сенім мол

«Nur Otan» партиясының Түркістан қалалық филиалының төрағасы Рашид Аюпов көтерген #ХалықтықТоп жобасы жұмысын үлкен қарқынмен бастап кетті. Халық арасынан шыққан белсенділер қала келешегі үшін тынбай еңбек етіп, жүктелген жауапты міндетті ыждақаттылықпен атқаруда. Аз ғана уақыт ішінде 30-дан аса азамат өз қызметін ұсынып, елдің түйіткілі шешілмеген сауалдарына жауап алып үлгерді.

#ХалықтықТопқа мүше болған белсенділер құрылғалы бері  6 сала бойынша жасалып жатқан жұмыстармен, түйіні тарқамаған мәселердің шешімін табарлық ақпарат алды. Жұмыссыздық баспана алу кезегі, қысқы маусымға тиісті органдардың дайындығы, сондай-ақ, білім саласы мен баспананың берілу тәртібі, мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі топтың назарынан тыс қалған жоқ. Табиғи газ жүргізу жұмысытарында туындаған мәселелер бойынша да сөз қозғалып, шешімі белгіленген уақытта табылатынына уәделерін алған болатын.

#ХалықтықТоптың келеасі кірісер салалары құрылыс, кәсіпкерлік, туризм және жол болмақ. Елді толғантқан аталмыш салалардың да оңтайлы шешілуі үшінн топ мүшелері аянбай еңбек етері сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *