Халықтың жобасы әкімдіктің басты назарында болмақ

Халықтың жобасы әкімдіктің басты назарында болмақ

4 просмотров

Халықтың жобасы әкімдіктің басты назарында болмақ

Түркістан халқы бүгіннен бастап қаланы көркейту үшін ойындағы жобаны қала әкімдігінің ресми сайты (turakimat.gov.kz) «Amazing Turkistan» қосымшасы және http://budget.amazingturkistan.kz/ сайты арқылы ұсына алады. Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жобалар қабылданып, дауыс беру жүргізіледі. Ең көп дауыс жинап, сараптамалық кеңестен өткен жоба келер жылы іске асырылатын болады.«Халық қатысатын бюджеті» — азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Түркістан қаласы аумағын көркейту мен абаттандыруды көздейді. Ол үшін сіздің жобаңыз ҚР заңнамасына қайшы келмейтін, іске асырылуы әкімдіктің құзыретіне кіретін және Түркістан қаласының аумағында болуы қажет.Айта кетерлік жайт, автор бір ғана жобаны ұсына алады. Жалпы, 10 дауыс жинаған автордың жобасы әкімдіктің сараптамалық кеңесіне ұсынылады. Сапартамалық кеңес Түркістан қаласының тұрғындары, қала аумағында қызметін атқаратын қоғамдық және басқа ұйымдардың өкілдерін қосқанда 15 адамнан тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *