ИГІЛІКТЕ ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛАДЫ

31 просмотров

Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков Бабайқорған ауылдық округі Игілік елді-мекені тұрғындарымен кездесті. Жылдар бойы шешім таппаған қордалы мәселелерге қаныққан аудан әкімі олардың шешу жолын қарастырып, тұрғындардың ұсыныс пікіріне құлақ асты.

Игіліктіктер ескірген мектепті жаңалап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, интернатқа барып оқитын оқушыларды көлік тасымалымен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Бабайқорған ауылдық округінен 7 шақырым жерде орналасқан ауылда жол мәселесі барын жеткізді.

Аудан әкімі тиісті сала басшыларына елді-мекенге баратын жолдың жөндеу жұмыстарына зерделеу жүргізіп, қажетті жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуді, тиісті бюджетке енгізу бойынша ұсыныс беруді тапсырып, шалғайдағы ауылдардың мәселесіне бей-жай қарамау керектігін айтты.

«Жаңа аудандағы елді-мекендерде жылдар бойы қордаланған мәселелер көп. Мұндай мәселелер Игілікте де бар. Мұндағы басты мәселелердің бірі елді-мекен статусының жоқтығы. Біз Игілікке елді-мекен статусын беру үшін заң талаптарына сәйкес, жұмыс жасайтын боламыз. Сіздердің талап-тілектеріңізді ескеріп, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына медициналық тірек пунктін салу үшін ұсыныс хат жолдап, тиісті жұмыстар жүргізуді қолға аламыз. Аудан құрылғалы бері шағын елді-мекендерді аралап, мәселелерін шешу бойынша жол картасын әзірлеп келеміз. Игілікте де игі істер атқарылатын болады», — деді Ғани Рысбеков.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.