КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫ МҰРАЖАЙЫНА АЙНАЛАДЫ

КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫ МҰРАЖАЙЫНА АЙНАЛАДЫ

42 просмотров

КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫ МҰРАЖАЙЫНА АЙНАЛАДЫ

Түркістан аумағындағы алғашқы қалалық қоныстардың бірі — 27 гектар аумақты алып жатқан Күлтөбе қалашығын қайта қалпына келтіру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақ ғылыми — зерттеу мәдениет институты 2018 жылдан бері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесінде қоқан және қазақ хандығы тұсындағы үйлердің орындары, ХVІІ-ХІХғғ. тән қыш-құмыралар, басқа да түрлі құнды жәдігерлер анықталуда.

Қазіргі таңда көне қалашық аумағында жүргізілген қазба жұмыстарынан табылған тарихи орындардың төл келбетіне сай қабырғасын қалау, сондай-ақ туристердің аралап, танысуына ыңғайлы галереялық жолдар салу жұмыстары жүруде.

Айта кетсек, Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген кезеңнің рухын асқақтату мақсатында қолға алынған Түркістан қаласындағы Күлтөбе археологиясы және қосымша нысандар жұмысы 3 жылға жоспарланған.

Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан бастау алатын Қазақстандағы алғашқы сәулет құрылыстары бар Күлтөбе қалашығы бірқатар деректерде Күлтөбе Ясы (Асон) деп аталады. Алғаш рет Ясы атауы монғолдардың ұлы ханы Менгудің ордасына Қазақстанның оңтүстік аймағы арқылы сапар шеккен армян патшасы І Гетумның жолжазбасында кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *