"Көне ғимараттар тарихы" атты деректі фильм түсірілді

«Көне ғимараттар тарихы» атты деректі фильм түсірілді

4 просмотров

"Көне ғимараттар тарихы"   атты деректі фильм түсірілді

«Qazaqstan»  Ұлттық арнасындағы «Көне ғимараттар тарихы» жобасының түсірілім тобы Түркістан қаласына келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жайлы деректі фильм түсірді.

Түсірілім барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылыстық ерекшеліктері,  абаттандыру жұмыстары, реставрация нәтижесі және Үлкен Ақсарай бөлмесін музейлендіру, ортағасырлық Күлтөбе қалажұртының тарихы,  кесене қабырғасындағы жазулар,  тарихи қақпа-есіктің құпиясы, лауха сыры, төрт қақпаның маңызы мен археологиялық қазба жұмыстары бойынша сұқбат берілді.

Айта кетсек, Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, зерттеу және оларды туристік орталыққа айналдыру мақсатында 18 тарихи-мәдени нысанды қайта жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мәдениет және спорт министрлігі танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасай отырып, тарихи ізденістерді жандандыру, қалпына келтіру үшін Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 2019-2021 жылдарға арналған үш жылдық даму жоспарын қолға алған болатын. Осы орайда, тарихи ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстары мен археологиялық қазба жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *