КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАУ - БАРЛЫҚ АЗАМАТҚА ТЕҢ ТАЛАП

КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАУ — БАРЛЫҚ АЗАМАТҚА ТЕҢ ТАЛАП

30 просмотров

КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАУ - БАРЛЫҚ АЗАМАТҚА ТЕҢ ТАЛАП

Ертеректе, әлеуметтік желілерде Кентау қаласында орналасқан тамақтану орындарының бірі карантин талаптарын бұза жұмыс атқаруы және қызмет алушылардың арасында Түркістан қалалық әкімдігінің қызметкері болу мүмкіндігі жайлы жазылып, жарияланған болатын. Сол кезде мәлімдегеніміздей, қызмет алушылар арасында мемлекеттік қызметкердің бар-жоғын анықтау мақсатында тексеріс жұмыстары атқарылып, «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» қарасты орталық директоры екені анықталды.

“Карантин режимін сақтау — барлық азаматқа тең талап. Карантин режимін, әсіресе, мемлекеттік қызметкердің бұзуға құқы жоқ. Карантин талабын бұзған азаматтың мемлекеттік қызметкер санатына жатпайтынына қарамастан, ел игілігіне қызмет көрсететін, тұрғындардың өмір сапасын арттыруы міндетті салада басшылық қызметін атқаруына байланысты тұрғындарға да өз іс-әрекеттерімен үлгі болуы тиіс екенін ұмытпауы шарт” — деп бүгінгі апталық жиында айта өткен қала басшысы Рашид Аюпов «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорына карантин талабын бұзғаны үшін басшылық етуші бөлім тарапынан сөгіс беріліп, заң алдында тиісті шара көрілуін тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *