КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

18 просмотров

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №26 қаулысына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиевтiң тапсырмасына сәйкес аудан әкімдігі жанынан арнайы құрылған мобильдік топтар супермаркет, дүкендер және азық-түлік емес сауда орталықтарын аралады. Рейд барысында кәсіпкерлік нысан өкілдеріне және тұрғындарға бас санитар қаулысының көшірмелерін таратып, үлестірді. Сондай-ақ, «сақтансаң сақтаймын» демекші көпшілікке ара-қашықтықты сақтау, үш адамнан артық шоғырланбау және үнемі бетперде тағып жүру қажеттігін айтып түсіндірді. Мейілінше үйде қалуға шақырды.

Сонымен қата,р бекітілген жұмыс режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай талаптарының сақталуы бойынша арнайы ескертулер жасады. Айта кетейік, мұндай түсіндіру жұмыстары қала, кент және ауылдық округ аумақтарында тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Бұған аудандық полиция, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері және әкімдік қызметкерлері қатысуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *