КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫМЕН ЖҮРГЕН ТҰРҒЫНҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫМЕН ЖҮРГЕН ТҰРҒЫНҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

83 просмотров

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫМЕН ЖҮРГЕН ТҰРҒЫНҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Полицейлердің жұмысы халықпен тығыз байланысты. Олар тек қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етіп қана қоймай, халықты құжаттандыру ісінде де жоғары деңгейде жұмыс жасап келеді.

Мәселен Келес ауданы көші-қон қызметі тобының полиция капитаны Сәкен Сәрсенбаев елдің ыстық ықыласына бөленді. Ол Шұқырсай ауылында тұратын Әлібек Шайғараевқа көмектескен. Яғни тұрғын  материалдық жағдайы болмағандықтан, Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алмай, бұрынғы Кеңес одағының қызыл паспортымен жүрген.    Рейдтік профилактикалық жұмыс жүргізу барысында С.Сәрсенов тұрғынның жағдайын білді. Содан құжат даярлауға қажетті шараларды атқарып, тез арада жеке куәлігін рәсімдеп берді.

ҚР-ның жеке куәлігін алғанына қуанған ауыл тұрғыны шынайы көмек көрсеткен полиция капитаны Сәкен Сәрсенбаевқа алғыс айтып: «Материалдық жағдайға байланысты құжат тапсыруға мүмкіндігім болмаған еді. Тәртіп сақшыларының қызметке адал екендігін көрдім. Осы тұрғыда маған көмек көрсеткен полицейлерге рақмет. Отбасыларыңыз аман болып, жұмыстарыңызға табыс тілеймін» — деді.

 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.